Жобаны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Beeline Қазақстан Starlink Mobile компаниясымен бірлесіп жүзеге асырады.

Direct to Cell технологиясы үйлесімді смартфондарды Starlink спутниктеріне тікелей қосуға мүмкіндік береді. Ол үшін арнайы спутниктік телефон, сыртқы антенна немесе қосымша жабдық қажет емес.

Жерүсті мобильді байланысы мүлдем жоқ аумақтарда пайдаланушылар хабарламалар жіберіп, қабылдай алады, сондай-ақ базалық интернет-сервистерді пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Фото: Beeline Kazakhstan

Қызмет әсіресе шалғай елді мекендердің тұрғындарына, туристерге, жол және коммуналдық қызмет мамандарына, сондай-ақ елді мекендерден тыс жерде жұмыс істейтін қызметкерлерге пайдалы болуы мүмкін.

Beeline Қазақстан клиенттері үшін қызмет промо-кезеңде тегін ұсынылады.

Starlink Mobile (Direct to Cell) технологиясының іске қосылуы Қазақстандағы мобильді байланыстың қамту аясын кеңейтіп, дәстүрлі байланыс инфрақұрылымы қолжетімсіз аумақтарда байланыс мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

ARBA MEDIAЕщё в рубрике «Бизнес»