Бостонов бұл туралы «Биринчи радио» эфирінде айтқан.

«2027 жылдың соңына қарай екі әуе кемесін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», — деді ол.

Сондай-ақ Бостонов жуырда Самарқандта Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың «С5+1» форматындағы кездесуі өткенін айтты. Осы сапар барысында Қырғызстанның сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев Boeing корпорациясының басшылығымен америкалық өндірушінің ұшақтарын Қырғызстанға жеткізу мүмкіндіктерін талқылаған.