AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында GUINNESS WORLD RECORDS ресми төрешісі Гленн Поллард Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевке HackAlem AI хакатонының қатысушылар саны бойынша әлемдік рекордын растайтын сертификатты табыстады.
Сертификатты табыстау рәсімі AI-экономиканы дамытуға қажетті инфрақұрылым, инвестициялар, адами капитал және халықаралық әріптестік мәселелеріне арналған The New Economy: Powered by AI панельдік сессиясында өтті.
«Бұл рекордқа қол жеткізу — үлкен жеңіс. Guinness World Records ұйымының ресми төрешісі ретінде жұмыс істеген 14 жыл ішінде мен үлкенді-кішілі көптеген рекордтың куәсі болдым. Осы AI-хакатонды өткізу үшін қаншалықты ауқымды жұмыс атқарылғанын, оның артында жоспарлау, дайындық және ұйымдастырудың қаншалықты жоғары деңгейі тұрғанын өз көзіммен көрдім. Бұл нәтиже Қазақстанның білім беру, технологиялар мен инновацияларды дамыту салаларындағы жетістіктерімен бірге елдің әлемдік технологиялық аренада өзін айқын танытып келе жатқанын көрсетеді», — деп атап өтті Гленн Поллард.
HackAlem AI AI-хакатонға қатысушылар саны бойынша GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордын орнатты.
HackAlem AI 2025 жылғы 21 желтоқсанда Үндістанның Хайдарабад қаласында орнатылған алдыңғы әлемдік рекордтан асып түсті. Сол кезде Google for Developers және Google Developer Groups Hyderabad ұйымдастырған хакатонға 2 089 адам қатысқан еді.
«GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордын орнату — Қазақстанның бүкіл технологиялық қауымдастығының жетістігі әрі еліміздің жоғары әлеуетінің дәлелі. HackAlem AI озық технологияларды қолдана отырып, экономиканың нақты міндеттерін шешуге атсалысқан мыңдаған талантты әзірлеушіні, студентті және жас маманды біріктірді. Біз үшін осы жерде жасалған жобалардың идея мен прототиптен бастап пилоттық сынақ пен енгізуге дейін дамуын жалғастыруы маңызды. Бұл нәтиже Қазақстанның жаһандық технологиялық күн тәртібіне қатысып қана қоймай, оны қалыптастыруға да қабілетті екенін көрсетеді. HackAlem AI Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтіп жатқан AI Month іс-шаралар топтамасының бір бөлігі болды», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Қатысушылар энергетика, қаржы, басқару, телекоммуникациялар, логистика, креативті индустриялар, білім беру, инновациялар, коммуникациялар және сауда сияқты он бағыт бойынша жобалар әзірледі.
Әлемдік рекорд GUINNESS WORLD RECORDS талаптарын сақтай отырып орнатылды. Қатысушылар тіркеуден және жеке басын сәйкестендіруден өтті, олардың кіруі мен шығуы жеке бейдждерін сканерлеу арқылы тіркелді, ал әр секторда ережелердің сақталуын стюардтар қадағалады. Қорытынды есепке белгіленген талаптарды орындаған және хакатон барысында жобалармен тікелей жұмыс істеген қатысушылар ғана енгізілді.
«Біз үшін бұл рекорд — HackAlem AI ауқымының көрсеткіші ғана емес, Қазақстанда және өңірде мықты технологиялық қауымдастық пен таланттардың жаңа буыны қалыптасқанының дәлелі. Біз олардың идеялары бәсекеге қабілетті өнімдерге айналып, әлемдік нарыққа шығуы үшін мүмкіндіктер жасап, жаһандық технологияларға, білімге және әріптестікке жол ашуға ұмтыламыз. HackAlem AI Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының жарқын оқиғасына айналды», — деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.
HackAlem AI жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, киберқауіпсіздік және технологиялық құзыреттерді дамытуға арналған AI Month іс-шаралар топтамасын ашты. Топтама Astana Hub қолдауымен AI & Digital Bridge 2026 қарсаңында және Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтіп жатыр.
HackAlem AI ұйымдастырушылары мен серіктестері — Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері, Silkroad Innovation Hub, Blockchain & AI Technology Center (BAITC), AI & Digital Bridge, OpenAI, NVIDIA, Arizona State University, Palo Alto Networks, MSSP.GLOBAL және «Романовский продукт».
HackAlem AI демеушілері — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Freedom Holding Corp., «Kaspi.kz» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank), «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, Beeline Қазақстан және Firebird Inc.
AI & Digital Bridge 2026 Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтіп, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік және адами капиталды дамыту салаларындағы бастамаларды біріктіретін AI MONTH іс-шаралар айының басты халықаралық оқиғасына айналды.
AI & Digital Bridge 2026 форумын Astana Hub халықаралық инновациялық кластері Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.
AI & Digital Bridge 2026 форумы серіктестердің қолдауымен демеушілік қаражат есебінен өткізілді.
Алтын серіктестер: Freedom Bank, Kaspi Bank, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ.
Күміс серіктес: Halyk Bank.
Бизнес-серіктес: Beeline Қазақстан.
Қола серіктес: Yandex Qazaqstan.
Телеком-серіктес: Freedom Telecom Operations.
Технологиялық серіктес: «Транстелеком» АҚ.
Ресми әуе серіктесі: Air Astana.
