Құжатқа ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен Dunga Operating GmbH компаниясының бас директоры Нұржан Әбдірахманов қол қойды. Рәсімге «PSA» ЖШС және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Келісім консорциумның шетелдік серіктестері – Oman Oil Company Limited және PTTEP Corporation компанияларына қол қою үшін жолданады.

Құжат тараптар арасындағы мердігердің жекелеген тарихи шығындарын өтеуге қатысты көпжылдық дауды реттеуді көздейді. Сонымен қатар Қазақстанның пайдасына қаржылық өтемақы төлеу және Доңға кен орнын игеруге бағытталған инвестицияларды жалғастыру қарастырылған.

Даудың реттелуі 2026–2039 жылдарға арналған кен орнын игерудің жаңа жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жоспар бойынша 67,4 млн баррель мұнай өндіру және капиталдық әрі операциялық инвестициялар тарту көзделген.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, келісім ұзаққа созылатын сот рәсімдеріне жүгінбей, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға және кен орнын игерудің жаңа инвестициялық цикліне жол ашады.

Қазақстан тарапы келісімнің елдегі тұрақты әрі болжамды инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

ARBA MEDIAЕщё в рубрике «Компании»